2 қыркүйекте «Мұнайшы» стадионында футболдан ел чемпионатының 25-туры аясында «Атырау» мен «Қайрат» (Алматы) командалары арасында матч өтті. Кездесу 1:2 есебімен алаң иелерінің жеңілісімен аяқталды.
Алайда бәрі басқаша болар еді... Ойынның 21-минутында айып добын орындау барысында алаң иелері есеп ашты – ақ-жасылдылар қатарынан камерундық Стефан Ги Эссаме көзге түсті. 68-минутта «Қайрат» ойыншысы Бауыржан Исламхан есепті теңестіріп, 84-минутта Жерар Гоу алматылықтарды алға шығарды. Бапкер Владимир Никитенконың шәкірттері есепті теңестіруге жан салды. Бастысы, қонақтар өз қақпаларына соққы жасауға мүмкіндік берді. Атыраулық ойыншылар Мұрат Тілешев пен Владимир Аржанов 100 пайыздық мүмкіндіктерін жіберіп алды. Сәттілік жетіспеді...
Осы ойыннан кейін «Қайрат» 6 командадан тұратын турнир кестесінде көш бастады, ал «Атырау» 4-орыннан 5-орынға түсті (естеріңізге салсақ, «Атыраудаң» «Астана» командасының Чемпиондар лигасында өткізген ойынына байланысты кері шегерілген бір кем ойыны бар).
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ