Атырау, 26 қараша 01:28
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Германияның ірі энергетикалық концерні 9 млрд еуро шығынға ұшырайды

1 598 просмотра

Image 0Германияның ірі энергетикалық концерні E.ON осы тоқсанда 9 млрд еуро шығынға батады. Оған концерннің өзінің атом бизнесін басқа компанияға бөлуден бас тартуы себеп болып отыр. Осының кесірінен E.ON акциялары тарихи минимумға дейін құлдырап кетті, деп хабарлайды Вести.

E.ON басшылығы атом активтерін Uniper жеке компаниясына бөлу бойынша бұрынғы жоспардан бас тартқаннан кейінгі концернді күтіп тұрған шығындар жайында мәлімдеді. Бұл шешім компанияны 9 млрд еуро (10 млрд доллар) көлемінде шығынға ұшыратпақ.

Бұл жаңалықтан кейін E.ON баға белгіленімі бейсенбі күні 7,6%-ға, акциясына 8,93 еуроға дейін – компания тарихында алғаш рет ең төмен деңгейге құлады.

Германияда атом активтерінің үлесі E.ON энергетика бизнесінде шамамен 8%-ды құрайды. Қазіргі таңда E.ON Германиядағы үш атом электр стансасын басқарады.

Дереккөз: bnews.kz


11 қыркүйек 2015, 15:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.