Атырау, 18 мамыр 21:52
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Бұл жолы телефон лаңкесі ұсталды

1 710 просмотра

Image 011 қыркүйекте тағы бір «телефон лаңкесі» Атыраудағы кісі көп шоғырланған нысанды – Привокзальныйдағы «Атаба» супермаркетін «миналап тастады».

- Бомба салынғандығы туралы хабарлама жалған болып шықты. Қоңырау шалушы ұсталды. Тергеу жүргізілуде, - деп хабарлады облыстық ІІД-дегі дереккөз.
Облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, «Сәтпаев көшесінен Алматы облысының (Қарағанды облысының тумасы) 48 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан шұғыл әрекет ету қызметіне 10 (автобекеттегі бомба туралы) және 11 қыркүйекте (супермаркеттегі бомба туралы) қоңыраулар соғылған СИМ-картасы бар ұялы телефон алынды. Бұл азамат қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қыркүйек 2015, 12:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.