Атырау, 18 мамыр 21:05
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Тоны үшін сотқа жүгінді

2 065 просмотра

Image 0Мейрамхана қожайындары оған келушінің ұрланған тоны үшін төлейтін болды.

Атырау тұрғыны Х.Л. мейрамханаға бауырының туған күнін атап өтуге қаракүзен тонын киіп келеді. Оны киім ілетін жерге тапсырып, нөмірін алады. Ал салтанат соңында қымбат тұратын тонын ала алмады. Ол киім ілетін жерде болмай шықты. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, алайда кінәлі тұлға анықталмады. Әйел тигізілген зиянды мейрамхана қожайынынан өндіріп алуға тырысты, бірақ онысынан ештеңе шықпады. Сот отырысы барысында жауапкер мейрамхананың киім ілгіш жеріндегі ұрлық фактісіне дау айтпай, кінәлі тұлғаның табылмағанын, тонның Түркиядан сатып алынғанына дәлел жоқ екендігін айтты. Дегенмен де, осы дауды зардап шегушіге 3 000 АҚШ доллары көлеміндегі өтемақыны төлеп, бейбіт жолмен немесе медиация келісімімен аяқтауға қарсы еместігін білдірді.

Бүкіл ұсынылған дәлелдермен, куәгерлердің жауаптарымен жете танысқан сот жауапкерден тонның ұрлануына қатысты 561 750 теңге немесе 3 000 АҚШ доллары сомасында ішінара залалды өндіріп алу жөнінде талап арыз берушінің пайдасына шешім шығарды. Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Бұл Атыраудағы орындарда киім-кешек ілетін жерден бағалы тон ұрланған алғашқы оқиға емес. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың аяғында әлеуметтік желілерді пайдаланушылар пиццериялардың бірінде тонның ұрлануын түсірген бақылау камераларының жазбасы бар роликті таратты. Бейнежазбада қыздың орынға бір тонмен келіп, қымбаттау тұратын екіншісін киіп кеткендігі көрінеді. Пиццерия қожайындары соңына дейін киім ілетін жерге тапсырылған заттар үшін жауапкершілік алмайтындықтарын айтып бақты. Зардап шегушіге өз құқығын сотта қорғауға тура келді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 қыркүйек 2015, 12:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.