Атырау, 26 қараша 01:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

АҚШ-та 9/11 лаңкестік актісінің 14 жылдығында жарылыс жасамақ болған жігіт қолға түсті

2 728 просмотра

Image 02001 жылдың 11 қыркүйегінде Нью-Йоркте жасалған лаңкестік актінің 14 жылдығын жергілікті тұрғындар 1 минут үнсіздікпен еске алды. Осы сәтті пайдаланып, жарылыс ұйымдастырмақшы болған 20 жастағы флоридалық Джош Голбдерг қолға түсті, деп жазады Washington Post газеті.

ФБР агенттері лаңкесті ғаламтордағы хаттары арқылы ұстаған. Голбдерг өз хаттарында жарылғыш затты қалай қолдан жасауға болатынын тәптіштеп жазған. Ол шеге мен егеуқұйрық уының қайнатпасынан бомба әзірлеп, 11 қыркүйектегі лаңкестік актінің құрбандарын еске алуға арналған жиында іске қосуды жоспарлаған.

Голдберг ИСИМ содырларының жасап жатқан әрекеттерін үлгі тұтып, олардың «ерліктерін» қайталауды көптен бері ойлап жүріпті. Егер жасөспірімнің кінәсі дәлелденсе, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кету керек, 11 қыркүйектегі лаңкестік актінің құрбандарын еске алу жиыны АҚШ-тың барлық ірі қалаларында ұйымдастырылады. Негізгі шаралар лаңкестердің шабуылына ұшыраған Нью-Йорк пен Вашингтон қалаларында өтеді.

Дереккөз: bnews.kz


11 қыркүйек 2015, 10:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.