Атырау, 26 қараша 01:21
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

"Әл-Каида" ұйымы әлемнің ең бай адамдарына шүйлікті

2 355 просмотра

Image 0

"Әл-Каида" лаңкестік ұйымы шығаратын Inspire журналының соңғы номері құқық қорғау органдарының назарын аударып отыр, себебі онда америкалық атақты кәсіпкерлерге шабуыл жасауға үндеу бар. NBC Newsбасылымының мәліметінше, тізімге Microsoft компаниясының негізін қалаушы Билл Гейтс, миллиардерлер Уоррен Баффет, Чарльз және Дэвид Кох, сонымен қатар, Нью-Йорктың бұрынғы мэрі Майкл Блумберг бар.

Кәсіпкерлердің өз қаражаттарын америкалық банктерден шешіп алып, АҚШ-тан тыс жерде инвестиция құйса бұл тізімнен шығарылатыны хабарланды. Сонымен қатар, кәсіпкерлерден Израильге қолдауға қарсы болу талап етіледі.

Сонымен қатар, 9/11 теракті болған қаралы күнге екі тәулік қалғанда шығарылған журналда лаңкестік топтың өкілдері "өзіне жасалған қысым мен әділетсіздікке" қарсы тұру үшін афроамерикалықтарды "Әл-Каида" қатарына қосылуға шақырады, - деп жазады CBS News.

9 қыркүйекте "Әл-Каида" АҚШ басшылық етіп отырған коалиция күштеріне қарсы күресте ДАИШ ұйымына көмек көрсететінін айтып, уәде еткен еді. Ұйымның жетекшісі Аймана аз-Завахири өз қоластындағылардың ДАИШ исламшыларына қосылатынын мәлімдеді. Алайда бұл шешімнің екі топтың бірігуін білдірмейтінін атап өтілді.

Inspire журналын "Әл-Каида" 2010 жылдан бері шығарып келеді. Онда материалдар ағылшын тілінде жазылады. Журналда "Анаңның асханасында жарылғыш зат жаса" деген сияқты мақалаларымен белгілі. Бостондағы терактіні ұйымдастырушылардың бірі Джохар Царнаев тергеу кезінде ағасы Тамерланмен бірге дәл осы журналдағы онлайн-нұсқаулық бойынша жарылғыш затты дайындағанын айтып берген еді. АҚШ-та Inspire журналы экстремистік басылым деп танылды.

Дереккөз: tengrinews.kz

10 қыркүйек 2015, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.