Бүгін, 10 қыркүйекте түске дейін Атырауда 112 қызметінің пультіне Привокзальный ауданындағы автовокзал ғимаратына жарылғыш зат салынғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Полиция, арнайы қызмет, апаттан құтқару қызметкерлері мен кинологтар шұғыл жиналды. Ғимарат қоршауға алынып, адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Алайда жарылғыш құрылғы табылмады. Қазір полицейлер телефон арқылы ер адамның дауысымен сөйлеген «әзілқойды» іздестіруде.
Анастасия ПАСТУХОВА