Атырау, 29 қараша 01:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Сол жақ жағалау, әзір бол!

3 055 просмотра

Image 018-24 қыркүйекте Атырау-Доссор және Атырау-Индербор көлік жолдарының бойында орналасқан қала маңындағы поселкелерден басқа қаланың сол жақ жағалауына табиғи газ беру тоқтатылады. Бұл туралы «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Атырау» магистралды газ құбыры басқармасының директоры Абай ӘМІРХАНОВ хабарлады.

Аталмыш кезеңде газбен қамту Бесікті, Талқайраң, Ақсай, Ақжар, Томарлы, Геолог, Геолог-2, Жұлдыз, Жұлдыз-2, Жұлдыз-3, Мирас, Береке, Бірлік, Бірлік-2, Новокирпичный елді мекендерінен басқа Атырау қаласының барлық сол жақ жағалауында тоқтатылатын болады. Атырау ЖЭО сұйық отынмен жұмыс істейді, - деп хабарлады А.Әмірханов.

Газ беруді тоқтату «Мақат – Солтүстік Кавказ» магистралды газ құбырынан жүргізілген газ құбырының ақаулы учаскелерін жөндеу қажеттілігінен туындап отыр. Учаскенің ұзындығы – 32,5 шақырым. Барлығы тозығы жетті деп танылған диаметрі үлкен 72 тұрбаны ауыстыру қажет. Сонымен қатар қаланың сол жақ жағалауы мен оң жақ жағалауының газ жүйелерін «шығыршықтау» (жалғау) жұмыстары жүргізіледі.

Газбен қамтуды тоқтату жыл сайын жүргізіледі. Бұл ең бастысы наубайханалар жұмысының тоқтауы және нан жеткізудегі іркілістер секілді қала өміріне әсерін тигізеді. Әрине, автономды жылыту жүйесі бар үйлерде ыстық судың болмауы және үй шаруасындағы әйелдердің тағам әзірлеу кезіндегі қолайсыздықтары да бар. Биылғы жылдың жөндеу науқанының артықшылығы - қаланың Самар мен Бұқар беттерінің газ жүйелерін «шығыршықтау» болуы мүмкін.

Бұл келер жылы газ тұрбаларын жөндеу кезінде газ беру тоқтатылмайды немесе уәде етілгендей, ол қысқа мерзімде жүргізіледі деген сөз.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қыркүйек 2015, 16:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.