4 қыркүйекте «Ембімұнайгаз» АҚ ҚР мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай Компанияның интерактивтік мұражайының тұсау кесерін өткізді және үздік мамандарын марапаттады.
Мұражайдың ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, ҚР Парламент Сенатының депутаты Ләззат ҚИЫНОВ, ҚР энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай ҚАРАБАЛИН, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы басқарма басшысының ірі жобалар жөніндегі орынбасары М.ДОСМҰХАМБЕТОВ,«Қазмұнайгаз» БӨ» АҚ Бас директоры А.НҰРСЕЙТОВ,кәсіпорын ардагерлері, т.б. қатысты.
ҚР энергетика вице-министрі Ұ.Қарабалиннің атап өткеніндей, мұндай үлгідегі мұражай жасақтау ойы мұнайшылармен бұрыннан ойластырылып келе жатқан болатын, енді міне іс жүзінде орындалып отыр:
-1899 жылы Қарашүңгіл кен орнында №7 ұңғыдан 40 метрдей тереңдік шамасында алғашқы бұрқақ атқылады. Осылайша, ғасырдан аса уақыт бұрын бұл жерде мұнай өндіру дәстүрі басталып еді. Бүгінде, қадірменді әріптестер, сіздер Қазақстан мұнай өндірушілері іргетасын қалаған даңқты дәстүрдің тікелей жалғастырушысы болып саналасыздар.
Ашылу салтанатынан кейін қонақтар мұражай экспозициясымен танысты. Компанияның интерактивтік мұражайында заман талабына сай дыбыс және көрнекілік құралдарының қолданысымен «Ембімұнайгаз» АҚ -ның, жалпы мұнайлы өңірдің қалыптасу, даму кезеңдері туралы мағлұматтар көрініс тапқан. Атақты мұнайшылар, еңбек ардагерлері, еңбек озаттары, мұнайшылар әулеттері туралы да мәліметтер жинақталған.
Мұражай экспозицияларымен кез-келген адам оңай қолдана алады, интерактивті мұражайдың сенсорлық панельдерін қарау технологиясы қолдың қимылы арқылы жүргізіледі.
-Бұл біздің еліміздегі бірегей интерактивті мұражай. Ол Қазақстан мұнайының және мұнай өнеркәсібінің қара шаңырағы –«Ембімұнайгаз» АҚ трихына арналған. Мұражайды жасақтау барысында әлемдегі жаңашыл деген технологиялар қолданылды, - дейді «Singularity Lab» ЖШС директоры Дамир САЙФУЛЛИН.
Мұражайдың ашылу салтанатында сөз алған «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры Құрманғазы ЕСҚАЗИЕВ өз сөзінде :
- Биылғы еліміздің мұнай-газ саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі айтулы даталармен тұспа-тұс келіп отыр. Кенбай мұнай кен алаңының 20-жылдығы, Мақат мұнай кенішінің 100-жылдығы және Қосшағыл мұнай кен орнының 80 -жылдығы тойлануда. Менің ойымша, біздің кәсіпорынның ең басты капиталы, онда еңбек етіп жатқан жұмысшылары.
Жиын барысында Атырау облысының әкімі Б.Ізмұхамбетов «Мұнайгаз кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалін еңбек ардагерлері - Отжағар СӘРСЕНБАЕВ пен Бағыт СМАТУЛЛИН, «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының бірінші орынбасары Айболат ҒАБДУЛЛИН, "Доссормұнайгаз" басқармасы бас инженері М.ЖЫЛҚЫШИЕВ, "Жайықмұнайгаз" басқармасы өндіріс құрал-жабдықтарын жөндеу-прокаттау участогінің темір жонушысы Қ.ЖАЛЕЛОВ, т.б. табыс етті.
"Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері" төс белгісін ҚР Энергетика вице-министрі Ұзақбай ҚАРАБАЛИНІҢ қолынан алу құрметіне мұнайшы-ардагерлер М.РАХМЕТОВ пен А.РЗИЕВ, сондай-ақ, Қарсақ мұнай және газ өндіру цехының операторы Ж.ҚҰБАШЕВ; Прорвадағы мұнайды дайындап айдау цехының технологиялық қондырғыларының жөндеушісі М.ДӘРІБАЕВ, т.б. ие болды.
Жалпы, бұл күні 100-ден аса адам –еңбек ардагерлері мен компанияның бүгінгі қызметкерлері кәсіби мерекеге орай ҚР энергетика министрлігінің, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, «KAZENERGY» ассоциасының, «Ембімұнайгаз» АҚ салалық медальдарымен, мақтау грамоталарымен, Алғыс хаттарымен марапатталды.
(Жарнама негізінде)