Индербордағы саябақ
Индербор кентінде 65 млн теңгеге бағаланған «Жеңіс» саябағының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.
Кентке кіреберіс көпірден түсе орналасқан,
***
Қазақ-түрік лицейі және мектеп
Құлсарыда тұңғыш рет ашылған қазақ-түрік лицейіне оқуға түсу үшін еліміздің облыстарынан келген 90-ға жуық оқушы сынақ тапсырып, оның ішінен 46-сы іріктеле 7-ші сыныпқа оқуға қабылданды.
Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Нұрадин ӨМІРБАЕВТЫҢ айтуынша, әзірше Астана, Қызылорда, Шымкент қалаларынан келген 7 мұғалім дәріс бермекші. Кейін ұстаздар қауымы бұдан да артпақ. Лицейге бес жылда 250 оқушы қабылданады деп күтілуде. Бүгінде лицей жатақхана, асхана, екі спортзалмен қамтылған.
Сондай-ақ, «ҚазТранОйл» ЖШС-нің демеушілігімен Құлсары қаласы «Аэропорт» ықшамауданында 300 оқушыға арналған жаңа мектеп пайдалануға берілді.
***
Бейбарыстағы амбулатория
Махамбет ауданы Бейбарыс ауылында 25 келушіге арналған жаңа амбулатория құрылысы ақталды.
Нысан мердігері «ЖайықУниверсал» ЖШС. Соңғы 1,5 жыл ішінде ауданның Алға, Ақжайық, Таңдай ауылдарында жаңа амбулатория пайдаланылуға берілген болатын.
***
Жібек жолындағы жүздесу
21 адамнан құралған қытайлық «Синьхуа» ақпараттық тобы Астрахан-Атырау тас жолының бойында орналасқан Исатай ауданында болды.
Қонақтарды аудан әкімі Тұрарбек СҰЛТАНБЕКОВ бастаған топ қарсы алды. Топтың басқарушысы Лио Си Фенг саяхаттың мақсаты Жібек жолы бойында орналасқан елдерді аралап, экономикалық-әлеуметтік тұрмысымен жан-жақты танысу екенін жеткізді. Олар сапарларын Қазақстан, Ресей, Кавказ жерімен өтіп барып Еуропаның Италия елінде аяқтауды ұйғарыпты.
***
Тары күйіп кетті
Мамырдың ортасына дейінгі ылғалдың болмауы салдарынан «Жасқайрат» ЖШС-нің 300 гектарға еккен тарысы күйіп кетті.
Көктегі жауынға тәуелді дақылдың орнына арам шөп басқан алқапты серіктестіктің малға азық ретінде орып алуына тура келген. Бұған дейін мақсары егіп жүрген шаруашылық бұл кәсіптерінен қуаңшылық салдарынан биыл бас тартыпты.
***
Қасқырлар «қақпанға түсті»
Исатай ауданының әуесқой аңшылары биылғы жылы 20 қасқыр, 17 бөлтірік, 4 шибөріні соғып алды. Түз тағысын аулау жалғасуда.
***
Автобекет ашылды
Махамбет ауданы орталығында автобекет ашылды.
Автобекет ішінде алкотестер орнатылған. Сапарға шығар алдында жүргізушілердің денсаулығы тексеріледі.
- Мен «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау филиалынан 5 млн теңге несие алып, ғимаратты салдым. Мұнда жолаушыларға демалыс орны бар, касса жұмыс жасайды, - дейді кәсіпкер Қалыш СМАДИЯРОВА.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА