Биыл қыс ерте түседі деген болжам бар. Күз түспей-ақ ауыл шаруалары мал азығын дайындау қамына кірісіп-ақ кеткен.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім меңгерушісі Аманжол ҚАБДЕШЕВТЫҢ мәлімдеуінше, облыс бойынша 148 100 ірі қара, 521 мың қой-ешкі, 53 400 жылқы, 28 200 түйе бар. Бұларға 549 мың тонна пішен қажет болса, оның 370 мыңға жуық тоннасы дайындалып үлгерілген. Қызылқоға ауданы бойынша өткен жылдан қалған шөпті қосқанда 115 422 тонна шөп қолда бар көрінеді. Бұл - қажетті шөптің 88 пайызы дайын деген сөз. Енді соны қора басына жеткізу қалып тұр. Ауданда 170-ке жуық ШҚ, 262 қыстақ бар. - Облыс басшылығының тапсырмасымен 22 мың рулон мен 500 тонна шөпті артық дайындауға жұмыстанудамыз. Бұл облыс қоры болып есептеледі. Басқа ауданға қарағанда шөп бізде арзан, әр рулон 2 мың теңге шамасында, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы басқарма-сының бастығы Қайырғали БАЗАРБАЕВ.
Жылыойлықтардың биыл 40 мың тонна жемшөп дайындауы қажет болса, 39 мың тоннасын шауып үлгеріпті.
Құрманғазы ауданында биыл 138 мың тонна шөп дайындап алуы қажет болса, оның 80 пайызын қора басына жеткізіп үлгерген.
Махамбет ауданында 14 шаруашылық 1 мың гектарға көп жылдық және бір жылдық жоңыш-қа егіп, қиындықтан шығып жүр.
- «Дастан» сияқты ШҚ Қызылқоға өңірінен, қашықтығы
Индер ауданында да шөп қымбат. Орамасы 5 мың, бір машина бос шөп 35 мың теңге шамасында. Мұны екінің бірі ала алмайды. Сондықтан да ауыл адамдары қолдарындағы бар техниканы іске қосқан. Аққала ауылының тұрғындары Марат пен Болат (суретте) орақ пен тырманы өздері қолдан жасап, бірі машинада, екіншісі орақты іске қосып шөп шабуда.
- Аудандағы жеті округте 206 қыстақ болады. Науқанға 40 бригада, 218 адам қатысып отыр. Қажетті жемшөп дайындалады деп отырмыз. Биыл ауданға 1 995 тонна жем қажет болса, Батыс Қазақстан облысындағы «Аққайнар» ЖШС-не тапсырыс беріп отырмыз, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің бастығы Сәулет ЕСЕТОВ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА