Өзбекстан Арал теңізін құтқаруға 3,05 миллиард доллар бөледі Дүйсенбі, 29 Желтоқсан 2014 14:34 Өзбекстан үкіметі көзден ғайып бола бастаған Арал теңізі аумағындағы экологиялық апат салдарын жеңілдету мақсатына 3,05 миллиард доллар бөлу туралы қаулы шығарды.
Үкімет қаулысы жалпы құны 2,971 миллиард доллар болатын 16 ұлттық жоба мен жалпы құны 80,2 миллион доллар болатын аумақтық жобалар тізімін бекітті. Аталған жобалар 2,15 миллиард доллар көлемінде халықаралық қаржы институттарының қаражаты мен Өзбекстан тарапының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын болады.
Дереккөз: khabar.kz