Атырау, 29 қараша 00:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Талғат Аян: «Сотқа дейін барамыз»

2 253 просмотра

Image 0Атырау облысының басшылығы су тарифін көтерген монополистті қолдады. Енді Атыраудың қоғам белсенділері судың адекваттық құнына қатысты құқығымызды сотта қорғауды жоспарлап отыр.

Естеріңізге салсақ, 1 тамыздан бастап «Атырау Су Арнасы» КМК ауыз судың бағасын жеке тұлғалар үшін 48 пайызға, ал заңды тұлғалар үшін 67 пайызға көтерген еді. Осылайша, су тарифі жеке тұлғалар үшін бір текше метрі 101 теңгені және заңды тұлғалар үшін 316 теңгені құрады. Талғат АЯН бастаған Атырау белсенділері тобы өңір басшылығы мен облыс прокурорына өтінішпен қол жинап, бастама көтерген болатын. Өтініш хатқа 1300 адам қол қойды.

5 қыркүйекте Атырау облысының әкімдігі тұрғындардың өтінішхатына жауап берді. Биліктің пікірінше, су тарифінің көтерілуі әбден негізді, атап айтқанда, химреагенттер бағасының өсуімен, электр қуатының қымбатшылығымен және 2015-2020 жылдардағы инвестициялық бағдарламаны жүзеге асыру қажеттілігіне байланысты. Атап айтқанда:

- Осы бағдарламаға сәйкес тарифтердің өсуі кәсіпорынның шығынсыз жұмыс жасауына, жабдықтарды ауыстыруға, химреагенттерді, су есептегіштерді сатып алуға бағытталған, - делінген Атырау облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бастығы Ақылбек БАЙШАХАНОВТЫҢ қолы қойылған ресми жауапта.

- Әрине, біз бұған келіспейміз және сотқа талап арыз әзірлеудеміз, - деп өз ұстанымын білдірді Талғат Аян.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 қыркүйек 2015, 16:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.