Атырау, 29 қараша 01:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Қосымша қаржылар қарастырылды

3 013 просмотра

Image 04 қыркүйекте облыстық мәслихат сессиясында облыс әкімінің орынбасары Айгүл ӘЖІҒАЛИЕВА облыс бюджетіндегі өзгерістер туралы баяндама жасады.

Бюджетке қосымша 2,6 млрд теңге түседі деп күтілуде. Бұдан басқа, кейбір жобаларды арзандату тұрғысында қазынаға 454,4 млн теңгені үнемдеу мүмкін болды. Бұл қаржыларды төмендегіше жұмсау ұсынылды.

Облыстық жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасына - 1 млрд 341,3 млн теңге: Индер ауданының Жарсуат селосына кіретін жолды күрделі жөндеу, Құрманғазы ауданының Дәулеткерей селосына кіретін жолдың аяқталған күрделі жөндеу жұмыстары үшін мердігермен ақырғы есеп айырысуға, Алға селосының поселкеішілік жолдарын, Еңбекшіл селосының кірме жолын және орталық поселкеішілік жолдарды күрделі жөндеуге және Махамбет ауданының көлік жолдарын орташа жөндеуге, облыстық маңыздағы «Ганюшкин-Приморье-Утеры-Котяевка-Шортанбай» жолдарының екі шақырымын күрделі жөндеуге.

Облыстық құрылыс басқармасына - 251,7 млн теңге: Индербор поселкесінде 100 келімдік емхананың аяқталған құрылысы үшін мердігермен ақырғы есеп-айырысуға, Нұрсая ықшамауданындағы теннис кортының құрылысын жалғастыруға.

Облыстық білім беру басқармасына - 42,4 млн теңге: мемлекеттік тапсырыс шеңберінде техникалық мамандарды даярлауға, «Менің Отаным Қазақстан» кітабын сатып алуға, Мақат ауданының білім беру бөлімінің коммуналдық шығындарына, Исатай ауданы мектептері мұғалімдерінің сапарына және олар үшін жұмыс істеуге қалған әріптестерінің еңбек ақысына.

Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына - 5,6 млн теңге: Исатай ауданындағы «Игілік» бағдарламасы бойынша жаңадан салынған «Жалын» Мәдениет үйінің қосымша штатындағы 16 бірлік персоналды ұстауға, сондай-ақ коммуналдық шығындар мен байланыс қызметтеріне.

Әкімшілік аппарат шығындарына 32 млн теңге бөлу ұсынылды: қызмет көлігін алуға және Мақат ауданындағы мемлекеттік қызметшінің қосымша бір штаттық бірлігін ұстауға.

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасына - 206,2 млн теңге: «Өңірлерді дамыту» бағдарламасының шеңберінде елді мекендерді газдендіруді қосымша қаржыландыруға, Мақат ауданына арнайы техникаларды сатып алуға, абаттандыру жұмыстары бойынша жобалау-сметалық құжаттамаларды ресімдеуге, Исатай ауданының Тұщықұдық селосындағы су тазарту құрылғысы мен су құбырын салуды жалғастыруға, Исатай ауданындағы ескі каналдар мен жаңа Манаш каналын толтыруға.

Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына – ормандағы өрттерді сөндіруге арналған үш тіркеме-цистерналарды алуға 4,5 млн теңге.

«Атырау» ӘКК-ні қаржыландыру үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына - 1 млрд 245 млн теңге: көкөністерді өңдеуді және қалбырлауды ұйымдастыруға, трикотаж фабрикасын салуға, ет комбинаты үшін жабдықтар сатып алуға, Махамбет ауданындағы «Первомайский» ЖШС-нің сүт фермасы үшін сауын сиырларды сатып алуға және сиыр басын 500-ден 1000 басқа дейін көбейтуге, «Каспий Лана Атырау» ЖШС үшін жабдықтарды сатып алуға.

Облыс бюджетіндегі өзгерістер депутаттардың бірауыздан қабылданған шешімімен бекітілген.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

5 қыркүйек 2015, 14:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.