Атырау, 19 мамыр 17:49
 бұлттыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Кімнің ордендері?

3 212 просмотра

Атыраулық полицейлер жасырын жерден табылған әскери және басқа да марапаттардың иелерін іздейді.

- Ордендер мен медальдар салынған ораманы АМӨЗ аймағында жол-патрульдік қызмет қызметкерлері кезекшілік атқарып жүргенде кездейсоқ тауып алған,- дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира МҰХТАРОВА. – Гараждардың бірінің қабырғасындағы қуыс полицейлердің назарын аудартады. Дәл сол жерден біреудің тыққан дорбасы табылды. Оның ішінде 16 ордендер мен медальдар, екі төсбелгі мен қос түйме бар екен.

Полицейлер деректер базасынан марапаттар жоғалған немесе ұрланғандығы жөнінде арыздардың бар-жоғын тексерді.

- Қазақстанның бірде-бір облысынан мұндай арыздар түспепті. Мүмкін, марапаттардың заңды иелері ордендерін жоғалтқанын әлі білмейтін шығар,- деді Мұхтарова.

Табылған марапаттардың тізімі:

- Қызыл жұлдыз ордені, № 2017867;

- Ұлы Отан соғызы ордені, № 5395952;

- Даңқ ордені, № 116097;

- «Ерлігі үшін» медалі, № 1158078;

- III дәрежелі "Ана даңқы" ордені, № 1532981;

- "Еңбек ардагері" медалі

- Ана медалі;

- "1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысындағы ерен еңбегі үшін" медалі;

-1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" медалі;

- ҰОС ардагерлерінің төрт мерейтойлық медалі;

- КСРО Қарулы күштерінің 50, 60 және 70 жылдықтарына арналған үш мерейтойлық медалі;

- "Гвардия" төсбелгісі;

- КСРО теміржол жоғары оқу орнын оқығаны жөнінде төсбелгі.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суреттерді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі ұсынды.

7 қыркүйек 2015, 11:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.