Биыл 11 қазанда өтетін Беларусь президенті сайлауына кандидаттардан өтініш қабылдау аяқталды.
Орталық сайлау комиссиясы бұл сайлауға кандидат ретінде қатысуға елді 1994 жылдан бері басқарып отырған қазіргі президент Александр Лукашенко, либерал-демократиялық партиядан Сергей Гадукевич, Беларусь патриоттар партиясынан Николай Улахович және «Говори правду» қозғалысынан Татьяна Короткевич құжаттарын өткізгені туралы хабарлаған.
Орталық сайлау комиссиясы жоспар бойынша кандидаттарды 10 қыркүйекте ресми түрде тіркеуі тиіс. Ал 11 қыркүйекте бір айлық сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталады.
Тамыз айының соңында Беларусь оппозициясының жетекшілері қазіргі президент сайлау науқанын заңсыз деп тану және президент сайлауын жаңадан қайта тағайындауға үндеп мәлімдеме жасаған. Оппозиция қайраткерлері Николай Статкевич, Владимир Некляев, Анатолий Лебедько және Павел Северинец ел азаматтарын 11 қазанда өтетін сайлауға дауыс бермеуге шақырған.
Дереккөз: Азаттық радиосы