Атырау, 26 қараша 01:51
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Күрд жасақтары түрік әскерилерін өлтіргенін айтты

1 138 просмотра

Image 0

Түркияда тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясының жасағы 6 қыркүйекте елдің оңтүстік-шығысында болған әскери қақтығыста 15 түрік сарбазын өлтіргендерін мәлімдеді.

Күрд жасақтары таратқан мәлімет бойынша, Түркия сарбаздары Хаккари провинциясында тұтқынға түскен. «Анатолия» ақпарат агенттігі қақтығыс Иракпен шекаралас Даглик ауданында болған деп жазды.

Ресми Анкара түрік сарбаздарының өлімін әзірше растаған жоқ. Дегенмен күрд жасақтарына қарсы 12 рет шабуыл жасалғанын мәлімдеді.

Түркия президенті қақтығыс кезінде күрд жасақтары фугас жарған деп мәлімдеді. Ел премьер-министрі Ахмет Давутоглу елдің күш құрылымдарының шұғыл жиынын өткізетінін айтты.

Дереккөз: azattyq.org

7 қыркүйек 2015, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.