Атырау, 19 мамыр 19:50
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Сәтсіздік әкелген үш жетілік

3 150 просмотра

Image 0

Пара алды деп айыпталған Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының шетелдік жұмыс күшін тарту бөлімінің бұрынғы бастығы М.Ажарбековті сот 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Қылмыстық іс материалдары бойынша, шенеуніктің «МНСК Синопек Казахстан» ЖШС өкілінен шетелдік жұмыс күшін әкелуге жұмыс рұқсатын кедергісіз және дер кезінде беріп, ұзартқаны үшін 777 мың теңге көлемінде пара алғанын анықтады. Сот үкімімен ол ҚР ҚК-нің 366-бабының 2-тармағында (пара алу) қарастырылған қылмысты жасауға кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеумен, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салумен қатар төрт жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалды. Ол жазасын жалпы режимдегі түзету колониясында өтейтін болады.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

5 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.