Атырау, 19 мамыр 18:31
 ашықВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Атырауда белгісіз біреулер «Болашақ ұрпақтарға жолдауды» бұзды

2 390 просмотра

Әлі дүниеге келмеген ұрпақтарымыз қазіргі жастардың қалдырған жолдауын оқи алмайтын болды: Исатай мен Махамбет алаңына 2013 жылы салынып, 37 жылдан кейін ашылуы тиіс капсуланы белгісіз бүлдіргілер ашып, жойып жіберді.

Естеріңізге салсақ, бұдан екі жыл бұрын, 12 тамызда, Халықаралық жастар күнінде жастар қозғалысының белсенді жастары осы жерге капсула салды. Бұл идея жастар арасында әлеуметтік желілерде басталып, үлкен қолдауға ие болды. Капсула салатын жер, болашақ ұрпаққа жолдаудың мәтіні сияқты рәсімнің әр сәтін талқылаған тұтас қоғамдастық құрылды... Жолдауды сандық тасығышқа немесе қағазға жазып қалдырамыз ба деп көп ойланды. Нәтижесінде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде қағазға жазып қалдырды. Тағы бір дана қазақ тілінде латын әрпімен жазылды.

Капсулаға жолдаумен бірге қазіргі Атыраудың келбеті түсірілген суреттер мен осы жолдаудың электрондық нұсқасы жазылған флеш-карта салынды. Осы күні жиналған көптеген адамдар өздерінің жеке сәлемдемелерін – хат, жеке карточкаларын, кейбірі 200 теңгелік ақшаға қолын қойып, салып жіберді.

Алайда, бәрі нақақ кетті, бұзып-жоюға деген құлшынысқа ештеңе қарсы тұра алмайтыны белгілі. Капсула салынған жерде салынған күні жазылған тақтайша мен бос кеңістік қана қалды...

Анастасия ПАСТУХОВА

5 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.