Атырау, 5 желтоқсан 11:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Қанат пен Жарас «суға кеткен» әйелді құтқарып үлгерді

2 836 рет қаралды

3 қыркүйекте тал түсте облыстық ТЖД пультіне «Торговая базадағы» су көтеру станциясы маңындағы Жайық өзенінде мүрденің қалқып бара жатқаны туралы дабыл түскен.

Батыс өңірлік аэромобильді жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қанат ҚАНАТБАЕВ пен Жарас ЕҢСЕГЕНОВ «Орал» мейрамханасы жанындағы судан құтқару станциясының моторлы қайығымен оқиға орнына асыға жетеді. Құтқарушылар әйел «мүрдесін» жағаға шығарып, тамыр соғысын тексеріп, оның жүрегі соғып тұрғанын анықтайды. Жасанды тыныс алдырады. Сол мезет «жедел жәрдем» медиктері де жетеді. Құтқарылған әйел 54 жастағы Атырау қаласының тұрғыны болып шықты. Ол өзінің суға қалай кеткенін түсіндірмеді. Бәлкім, өз өзіне қол жұмсау әрекеті болса керек. Әйел киімшең болған.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті БӨАЖҚЖ ұсынды

4 қыркүйек 2015, 15:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.