Атырау, 29 қараша 00:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Ата-ананың қатаң бақылауында...

2 208 просмотра

Image 0Фотосурет: profit.kz№30 мектепке балалары мектепке кіргенде және шыққанда ата-анасына смс-хабарлама жіберетін, үлгерімі мен тәртібіне бақылау жасап отыратын «Ақылды мектеп» кешенді жүйесі енгізіледі.

Осы пилоттық жоба бір ай ішінде алғашқы ауысымнан бес сынып және екінші ауысымнан бес сыныпты қамтиды.

- Жоба оқушылардың қауіпсіздігін арттыруға бағытталған және оқу орнына бөтен адамдардың рұқсатсыз кіруінен қорғайды,- дейді 30-мектепте жұмыс жүргізіп жатқан және мектепте білім беру саласына инновациялық технологияларды енгізумен айналысатын «Иннотек Астана» ЖШС директоры Әмір ӘМІРЖАН. - Әр оқушыға фотосы мен жеке деректері енгізілген электронды карта беріледі. Кіреберісте орнатылған турникеттер чиптегі ақпараттарды оқып, ата-аналарына автоматты түрде хабарлама жібереді. Мәселен, таңертең бала мектепке кіргенде бір хабарлама келсе, түсте шықанда тағы бір хабарлама береді.

Тегін смс-тер пилоттық жоба жүзеге асырылатын бірінші айда ғана келеді. Маған түсіндіргендей, бұл жүйе тек қауіпсіздікті ғана арттырып қоймайды, сондай-ақ баланың бағалары мен тамаққа жоятын ақшасына да бақылау жасауға мүмкіндік береді.

- Бірінші модуль – бұл кіру-шығу, екінші модуль – асханада сол картамен ақша төлеу, үшінші модуль – электронды журнал. Бағалар біздің веб-сайтта көрсетіледі, әр ата-ананың логині мен құпия сөзі болады және ол сайтқа өзі кіріп, баласының қандай баға алып жүргенін тексере алады. Пилоттық жоба аяқталғаннан кейін карточкалар 30-мектептің барлық оқушыларына тегін беріледі. Алайда егер ата-аналар смс-хабарлама, сондай-ақ бағалары мен тамаққа жоәған шығындары туралы ақпараттар алғысы келсе, ай сайын жеке кабинетті пайдаланғандары үшін 500-600 теңге төлеулері қажет.

Қазір турникеттер орнату жұмыстары жүріп жатыр, олар тек пилоттық жобаға қосылған оныншы сынып оқушылары үшін ғана жұмыс жасайды. Ай ішінде жабдықтар сынақтан өткізіліп, осыдан кейін мектеп кіреберісін турникеттермен толықтай жабады. Бұл жағдайда сырттан келушілерге арналған арнайы қонақ карталары қарастырылған. Компания директоры Ә. Әміржан айтқандай, жабдықтарды орнату компанияның есебінен жүргізілуде. Болашақта кешенді жүйемен тағы қаланың үш мектебін: 17, 16 мектептерді және СТГ-ны жарақтау жоспарлануда.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

4 қыркүйек 2015, 15:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.