Үкіметте «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша салынған сумен қамту нысандарын мамандандырылған операторлардың: Атырау қаласы бойынша «Атырау Су арнасы» КМК, аудандарда – «ҚазСуШар» РМК балансына беру туралы мәселе қарастырылуда. Бұл туралы 4 қыркүйекте облыстық мәслихат сессиясында облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ақылбек БАЙШАХАНОВ хабарлады.
Алайда Байшаханов санамалаған су тазарту нысандары ауданда «тіркеліп тұр». 2011-2014 жылдардың «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша облыс аудандарында 98 сумен қамту нысанын салу жоспарланған. 84-і салынды, республикалық бюджеттің 19,4 млрд теңгесі жұмсалды. Қалған 14-і ағымдағы және келер жылы салынатын болады.
Осы бағдарлама бойынша облыс тұрғындарын құбыр сумен қамту 52 пайыздан 75 пайызға дейін артты деп расталып отыр. Бүгінде салынған 9 су тазарту станциясы жұмыс істемейді. Олардың бірқатары өткен жылдың желтоқсанынан бері тоқтап тұр. Бұған лайықты түрде ресімделмеген техникалық құжаттама себеп болып отыр.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ