Атырау, 5 желтоқсан 11:53
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Браконьерлік ҰҚТ командирі

2 226 рет қаралды

Image 0Браконьерлікке күдіктілер ұсталды. Бір қызығы, қылмыстық топ құрамында шекарашы да болған.

Атырау қалалық №2 соты оларға 2 ай мерзімге қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берді.

Тергеу болжамы бойынша, бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулау және өткізуге күдікті екі азамат пен №2201 «Г» әскери бөлімшесі 2-ші коменданттық взводы бөлімшесінің командирі Т.К.қылмыстық топ құрып, Жайық-Каспий балық-шаруашылық бассейнінде заңсыз балық аулаумен айналысқан. Уылдырық коммерциялық мақсатта өндірілген.

Атырау облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметтері бойынша, тергеу органдары күдіктілерге қатысты ҚР ҚК-нің 262-бабы («Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу»), 335-бабы (« Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерін заңсыз алу») және 196-бабы («Көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

4 қыркүйек 2015, 14:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.