Атырау, 29 қараша 00:53
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Келін заңды біледі

1 983 просмотра

Image 0Сот өз келініне сыйламаушылық білдірген енеге ескерту жасады.

Ішімдіктен масайған азаматша N. өз келінін балағаттаған. Келіні сотқа талап арыз береді. Сотта әйел өз кінәсін мойындап, өкініш білдіріп, көңіл-күйі болмағанын, соның салдарынан осындай қателік жібергенін түсіндіреді. Сот енесін ӘҚтК-тің 73-бабының 1-тармағы бойынша («Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер») кінәлі деп тапты.

«Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамдарға сыйламаушылық көрсетiлiп, былапыт сөйлеу, қорлап тиiсу, кемсiту, үй тұрмысындағы заттарды бүлдiру және олардың тыныштығын бұзатын, жеке тұрғын үйде, пәтерде немесе өзге де тұрғынжайда жасалған басқа да әрекеттер, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса, ескерту жасауға не үш тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алуға әкеп соғатынын» еске саламыз.

Құқық бұзушының әйел адам екені ескеріліп, азаматша N-ға ескерту жасалды.

Қаулы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 қыркүйек 2015, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.