Атырау, 26 қараша 01:41
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Франция: Ресейге "Мистральдің" ақшасын толық төледік

1 455 просмотра

Image 0Франция парламентінің төменгі палатасы Париж Ресейге әскери тікұшақ таситын екі "Мистраль" кемесін жасап беру келісімін бұзғаны үшін Мәскеуге 950 миллион еуро төлегенін хабарлады.

"Мистраль" кемесін құрастырып, жеткізу келісімін тоқтату туралы келісімге 5 тамызда Мәскеуде Ресей вице-премьері Дмитрий Рогозин мен Францияның арнайы өкілі Луи Готье қол қойған. Келісім бойынша, кеме үшінші елге Мәскеу оны жасатып, жеткізу үшін төлеген ақшасын толық қайтарып алғаннан кейін ғана сатылады.

Бұған дейін Мәскеу "Мистраль" кемелерін сатып алатын елдерге оған арналған ресейлік Ка-52К тікұшақтарын да қоса сатып алуды ұсынатыны туралы хабарланған.

Ресейге құны 1,3 миллиард АҚШ доллары болатын екі "Мистраль" кемесін жасап жеткізу туралы келісім 2011 жылы жасалған. Өткен жылы Париж Еуропа Одағы Ресейге санкция салғанда келісімді орындаудан бас тартқан.

Дереккөз: azattyq.org


    3 қыркүйек 2015, 15:37

    Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

    Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.