Атырау, 29 қараша 00:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Люктерді жабуы мұң екен...

1 854 просмотра

Image 0Қалалық прокуратурада кәмелетке толмағандарды қорғау туралы заңнамаларды сақтау тақырыбы бойынша брифинг өтті.

Қала прокурорының көмекшісі Руслан ҚҰЛМҰХАНОВТЫҢ (суретте) айтуынша, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 130 мүгедек баланың ата-аналары мен заңды өкілдеріне жалпы сомасы 421 мың теңге жәрдемақы төлеуді заңсыз тоқтату фактісі (бұл әлі күшіне енбеген нормативтік акт бойынша жасалған) анықталды.

Сәуір айы мен маусым айы аралығында қалада 7 бала қаза болды: 3- құдыққа түсіп кетті, 2 – көпқатарлы үйдің терезесінен құлаған, 2 - өзен суына кеткен. Осы аталған кезеңнен бұрын да, кейін де балаларға қатысты бақытсыздық жағдайы қалада тіркелмеген.

Қала прокуратурасы қала әкімінің атына барлық құдықтарды тексеріп шығу туралы талап қойды. Нәтижесінде барлық люктер жабылды. Прокуратураның тапсырмасымен мектептер мен балабақшаларда балаларды қараусыз қалдыруға болмайтындығы жөнінде ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Демалыс лагерьлерінде демалып жатқан балалармен де әңгімелесулер өткізілді.

Сонымен қатар, прокурорлар арнайы плакат әзірлеп, олар көбейтіліп, ПИК қызметкерлерінің көмегімен тұрғын үйлердің кіре берістеріне ілінді. Р. Құлмұхановтың пікірінше, бұл бақытсыздық жағдайларының уақытша тоқтауына әсер еткен.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 қыркүйек 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.