Атырау, 26 қараша 01:19
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Иранда Мұхаммед пайғамбар туралы ең қымбат фильм жарыққа шықты

2 672 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Иранда осы елдің тарихындағы ең қымбатқа түсірілген фильм жарыққа шықты, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

«Мұхаммед: Алланың елшісі» деп аталатын кинокартина 7 жыл түсірілді. Оның бюджеті 40 млн доллар. Фильм режиссері Маджида Маджидидің айтуынша, пайғамбардың өмірі туралы түсірілген бұл туынды - бірінші трилогия.

Фильмнің түсірілімі барысында режиссер пайғамбарды бейнеледі деген мағынада сүннитер тарапынан сынға ұшырады. Алайда, түсіруші топ кинода расулдың жүзі көрінбейтінін айтады.

Фильм продюссерінің айтуынша, Голливуд түсірген Иса пайғамбар туралы «Бен-Гур» киносындағыдай адамның жүзі анық көрсетілмеген.

Дереккөз: inform.kz

28 тамыз 2015, 17:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.