Атырау, 2 қазан 18:36
 дождьВ Атырау +16.1
$ 441.91
€ 499.05
₽ 5.30

Ақтауда полицей көлігімен бір жарым жастағы баланы қағып кетті: сот үкімі шықты

69 рет қаралды

Ақтауда бір жарым жастағы баланы көлік қағып, қаза болған іс бойынша қылмыстық істі қарау аяқталды.

Маңғыстау облыстық сотының мәліметінше, сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша — ауыр зардаптарға әкеп соққан жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды, деп хабарлайды Lada.kz.

Оған 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар сот оны 5 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды. Келтірілген зиянды өтеу мәселесін тараптар соттан тыс тәртіппен шешті. Үкім заңды күшіне енді.

Қайғылы оқиға 2026 жылғы 13 мамырда Ақтаудың 27-шағынауданында болған. Жол талғамайтын көлік кішкентай баланы қағып кетіп, ол оқиға орнында көз жұмды.

Бүгін, 17:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.