
1 қазанда Түркістан облысы Қазығұрт ауданында қатты жауын-шашыннан кейін сел жүріп, бірқатар елді мекенді зақымдады.
Әлеуметтік желілерде ауылдар арасындағы жолдар мен елді мекен көшелерін су басқанын көрсететін кадрлар тарады.
Жергілікті билік өкілдерінің дерегі бойынша, қолайсыз ауа райы салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Тұрғын үйлердің қирағаны да тіркелмеген.
2 қазанда зардап шеккен аумақтарда нөсер жауынның салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Мамандар учаскелерді кір мен лайдан тазартып, су басқан аумақтарды ретке келтіріп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.
Жұмысқа 200-ден астам адам мен 12 бірлік арнайы техника тартылды.
В Атырау +16.1