Атырау, 2 қазан 16:08
 дождьВ Атырау +15.6
$ 441.91
€ 499.05
₽ 5.30

Қазақстан Азия ойындарында бокстан екінші алтын медалін жеңіп алды

50 рет қаралды
ҚР ҰОК фотосы
ҚР ҰОК фотосы

Қазақстанның бокс бойынша ұлттық құрамасының капитаны Айбек Оралбай Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Финалдық жекпе-жекте қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Жахонгир Зокировпен кездесіп, жекпе-жек қорытындысы бойынша алтын медаль жеңіп алды.

Бұл жүлде қазіргі Азия ойындарында Қазақстан құрамасының бокстан алған екінші алтыны болды.

Бұған дейін Азия ойындарының чемпионы атанған Төрехан Сабырхан болатын. 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында ол төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен Иордания өкілі Зейад Ишашты жеңді.

Осылайша, қазақстандық боксшылар Аичи–Нагояда екі рет тұғырдың ең биік сатысына көтерілді.

Айбек Оралбай — ұлттық құраманың капитаны. Оның жеңісі Қазақстан құрамасының құрлықтағы басты жарыстағы сәтті өнерін жалғастырды.

Соңғы жылдары Қазақстанда ұлттық құрама мен спорт резервін даярлау жүйесі жетілдіріліп келеді. Оның ішінде спортшыларды ғылыми-әдістемелік және медициналық-биологиялық қамтамасыз етуге де көңіл бөлінуде.

Аичи–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанда аяқталады.

Бүгін, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.