Атырау, 28 қараша 23:52
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Қыстан қорықпаймыз

3 425 просмотра

Image 1Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Ақылбек БАЙШАХАНОВ коммуналдық қызметтердің қысқы маусымға қалай дайындалып жатқанын әңгімеледі. Брифинг 27 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінің Атырау филиалының баспасөз клубында өтті.

ЖЫЛУ ЕСЕПТЕГІШТЕР 228 ҮЙДЕ БАР

Қысқы маусымға дайындық үшін облыс бойынша 2,4 млрд теңге бөлінді, соның ішінде республикалық және облыстық бюджеттен 903 млн теңге, кәсіпорынның өз қаржысынан 1,5 млрд бөлінді. Барлығы 381 білім беру мекемесі, 152 денсаулық сақтау мекемесі, 278 мәдениет нысандары қысқа дайындықты толық тексерді. Сондай-ақ, облыс бойынша көпқабатты 1504 үйдің 80 пайызы тексерілді.

Байшаханов айтқандай, өңірдегі бүкіл коммуналдық шаруашылықтар салқын және ыстық судың, газдың, жарық және жылу есептегіштерін орнатуға тиіс еді. Егер су, газ және жарыққа қатысты мәселе шешілді дейтін болсақ, жылу есептегіштерін орнату проблемасы - өткір коммуналдық мәселелердің бірі. Атырау қаласында көп қабатты 950 үй бар. Есептегіш жабдықтарын орнатудың техникалық мүмкіндігін тексерген арнайы комиссия жылу есептегішпен 384 үйді жарақтауға болады деген тұжырымға келді. 228 үйден бұл процедура бірінде ЖЭО күштерімен, бірінде терможаңғырту шеңберінде жүргізілді, ал енді бірінде аспаптарды орнатуды тұрғындар өз мойындарына алды.

- Есептегіштер өте қымбат, бірақ оларды орнатпаса, тұрғындар көп шығындар жұмсайды, өйткені есептегішпен тек нақты алынған жылу үшін ғана төлейді. Адамдарды ынталандыру үшін ТМРА тариф бекітті, соған сәйкес жылу есептегіштер орнатқан жеке тұлғаларға төлемақы 1 гигакалорий үшін 2000 теңге құрайды. Ал аспабы жоқтарға гигакалорий 5000 теңгеге шығады. Яғни, есептегіштерді бір жылыту маусымында ақтап алуға болады, - деп сендіреді облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы.

ТАҒЫ БІР ТУРБОАГРЕГАТ, СОСЫН БІЗ - ЭКСПОРТЕРМІЗ

Ақылбек Байшаханов ЖЭО-ның жаңғыртуы туралы әңгімеледі. Қазір облыста 314 MW (мегаватт) электр энергиясы өндіріледі. Жыл аяғына дейін қуаттылығы 100 MW жаңа турбоагрегатты пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ол іске қосылғаннан кейін облысты 100 пайыз электр энергиясымен қамтып қана қоймай, оның артығын басқа өңірлерге сата алады. Алайда, бізде ЖЭО-на қосылмаған үйлер бар. Мәселен, Нұрсая ықшамауданының құрылысы басталған кезде әр 3 үйге 1 қазандықтан орнатылды. Енді бұл тәжірибенің шығыны көп болып шықты. Сондықтан соңғы 22 үй енді орталық жылу жүйесіне қосылады.

БАЛЫҚШЫЛЫҚТАРҒА БЕРІЛГЕН СОҢҒЫ УӘДЕ

Image 0Ақылбек БАЙШАХАНОВ.Биыл билік Балықшыдағы жылу мәселесін шешуді ұйғарды. Поселкеде 53 пәтерлік үйдің өз қазандығы бар екені белгілі. Осы үйлерді салу кезінде ыстық сумен жабдықтау қарастырылмады. Сондықтан тұрғындар жылыту маусымы кезінде суды батареядан құйып алып, оны тұрмыстық мұқтаждықтар үшін пайдаланады. Нәтижесінде жылыту жүйесінің қалыпты жұмысы үшін қазандыққа үнемі суық су құйып тұруға тура келеді және ол үнемі бұзылып қалады. Кезінде жылу жүйесін қайта жарақтау үшін «Нұрлы жол» бағдарламасының аясында жобалау-сметалық құжаттама жасақталды. Бірақ бағдарлама ережесі бойынша мемлекеттік кәсіпорын негізгі қарыз алушы болуы тиіс. Ал бізде қазандыққа жеке кәсіпорын қызмет көрсететіндіктен, билік өз ойын жүзеге асыра алмады. Бірақ мұны келесі жылы жасауды жоспарлап отыр, өйткені 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, жеке кәсіпорындарға негізгі қарыз алушы ретінде болуға мүмкіндік беретін жаңа ережелер қолданыла бастайды. Бұл үйлер, ақырында, ЖЭО-на қосылып, тұрғындар ыстық су ала алады.

Ал аудандарда жылыту мәселесі жаңа технологиялардың көмегімен шешіледі. Жаңа үш қабатты 60 пәтерлік үйді жобалау кезінде пәтер бойынша жеке жылыту қондырғылары қарастырылды. Жақында мұндай үйлер Индерде берілді, Жылыой мен Құрманғазы аудандарында тағы 5 үйді тапсыру үшін дайындалуда.

«ЫЛҒАЛ» ТҰРБАЛАРДЫ ҚАЛАЙ АУЫСТЫРДЫ...

Коммуналдық қызметтердің жұмысына келер болсақ, қысқа дайындыққа «ҚазТрансГаз Аймақ» 8,5 млн теңге бөлді. Қазір облыстағы елді мекендердің 70 пайыздайы газдендірілген. Көгілдір отынның жетіспеушілігі негізінен шағын елді мекендерде сезіледі. Өткен жылы Исатай ауданындағы Томан ауылына газ жүргізілді. Ал биыл Мақат ауданында бір елді мекенге және Құрманғазы ауданындағы 13 ауылға газ беру жоспарланды. Қысқы уақытта Индер-Махамбет жоғарғы қысымды газ құбырында үлкен қиындықтар туындады.

Бір кездері газдендіру кезінде қаражат тапшылығынан газды ескі су құбыры желісі арқылы жүргізген болатын. Ауа температурасы төмендегенде, тұрбадағы конденсат қатып қалып, газ беру қиындады. Қазіргі кезде 107 км тұрба ауыстырылды, жыл аяғына дейін оны пайдалануға беру жоспарлануда.

…ЖӘНЕ КЕҢЕСТІК СОРҒЫЛАР

Байшаханов жаңғырту жүргізу үшін тауарлық несие алған біздің «АтырауСуАрнасы» кәсіпорнымыздың тәжірибесі бүкіл республика бойынша таралатынын әңгімеледі:

- Бұл бірегей жағдай. «АСА», өзіңіз білесіз, үлкен қиындықтарды бастан өткерді. Банкроттық шегінде болды, тек электр энергиясы үшін есепшот 200-300 млн теңгеге шықты. Проблеманы кәсіпорынды қайта жарақтау ғана шеше алатын. Ауқымды, локалды өзгерістер нәтиже әкелмес еді. Кәсіпорын нысандарында кеңес дәуірінен бері көп энергия сыйымды және күні-түні халықтың сұранысынан тыс жұмыс жасайтын 260 сорғы орнатылды. Үш жылға тауарлық несие алуға шешім қабылданды. Бүгінде бүкіл кәріздік сорғы станциясы мен су көтеру сорғы станциясы жаңа сорғылармен қамтамасыз етілген, олар су алу станциясы көлемінің өзгерісіне сергек әрекет етеді және су алу тоқтатылған кезде автоматты түрде ажыратылады. Осылайша «ақылды» жабдық қаржыны үнемдеуге мүмкіндік береді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген автор

28 тамыз 2015, 12:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.