Атырау, 25 желтоқсан 21:49
 ашықВ Атырау -10
$ 511.00
€ 602.72
₽ 6.49

"Қайрат" Еуропа лигасындағы ойындарын аяқтады

2 248 рет қаралды

Image 0"Қайрат" командасының ойыншылары.Алматының "Қайрат" командасы Еуропа лигасындағы жарысын аяқтады. Іріктеудің плей-офф кезеңінің қарымта матчында "Қайрат" Алматыда франциялық "Бордо" командасын 2:1 есебімен жеңген. Алайда сырт алаңда 0:1 есебімен жеңілген еді.

Осылайша, екі матч қорытындысы бойынша "Бордо" Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. УЕФА ережесі бойынша, сырт алаңда салған голдың маңызы артық.

Айта кетерлігі, "Қайрат" Еуропа лигасы іріктеуінің өз алаңында өткен барлық матчтарында жеңіске жетті.

Осыған дейін Қазақстан чемпионы "Астана" Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан. Оның қарсыластары "Атлетико" (Испания), "Бенфика" (Португалия) және "Галатасарай" (Түркия) болмақ.

Дереккөз: azattyq.org

28 тамыз 2015, 11:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.