Атырау, 18 мамыр 18:39
 бұлттыВ Атырау +12
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп ажал құшты

2 371 просмотра

Жолаушы қаза болды

21 тамыз күні сағат 17.30 шамасында Атырау-Индер тас жолының 86 шақырымында (Махамбет ауданына қарасты) ЖКО болып, салдарынан бір адам қайтыс болды.

«Лада Приора» автокөлгінің жүргізушісі көлік жолының қарсы бетіндегі жолағына шығып кетіп, «КамАЗ» автокөлігіне соқтығысып қалды. Жеңіл көліктегі жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

- Бүгінде осы ЖКО-ға байланысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағымен («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүруде, - деп хабарлады Махамбет ауданы прокурорының орынбасары Жасталап ОРАҚОВ.

Жүргізуші мерт болды

23 тамыз күні сағат 18.30 шамасында Атырау–Астрахан тас жолының Исатай ауданына қарасты Х. Ерғалиев ауылының тұсында «Фольксваген Гольф» жеңіл автокөлігі мен «Мерседес» фурасы соқтығысып қалды.

Исатай аудандық прокурорының орынбасары Аслан ТҰРҒАНОВТЫҢ мәлімдеуінше, жеңіл автокөліктің 1963 жылғы жүргізушісі сол жерде мерт болған. Бүгінде ҚР ҚК 345-баптың 3-тармағымен («Абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет») қылмыстық іс көтеріліп, тергеу амалдары жүруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

25 тамыз 2015, 13:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.