Атырау, 26 қараша 01:48
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Бейжіңдегі әскери парадқа 30 мемлекеттің көшбасшылары, әлемнің 17 елінен 1 мың әскери қызметкер келеді

2 502 просмотра

Алматы. 25 тамыз. ҚазТАГ – 3 қыркүйекте Қытай астанасында Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы және жапондардың агрессиясына қарсы Қытай ұлт-азаттық соғысындағы жеңісінің 70 жылдығына арналған парадқа 30 елдің көшбасшылары мен үкімет басшылары қатысатындығын қуаттады.

ҚХР мемкеңесінің баспасөз-кеңсесіне сілтемелеп ТАСС хабарлағандай, Бейжіңдегі салтанатқа барлығы, 49 елдің өкілдері қатысады.

ҚХР мемкеңесінің баспасөз-кеңсесінің мәліметтерінше, салтанат қонақтарының арасында Қазақстаннан, Қырғызстарн, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуела, Вьетнам, Тайланд, Аргентина, Куба, Пәкістан, Сербия, ОАР, Чехия, Польша, Египет, Корея Республикасы мен басқа да елдерден мемлекет және үкімет басшылары мен басқа да жоғарғы луазымды өкілдер қатысады.

Одан басқа, 3 қыркүйекте Тяньаньмэнь алаңында 12 мың жауынгер мен офицерлер өтеді. Шетелдік әскери қызметкерлер қатарында Ресей Федерациясының, Қазақстан, Беларусия, Моңғолия, Куба және тағы бес мемлекеттің әскерлері өтеді. Парадқа 200-дей техника мен осыншама ұшақтар тартылған.

Одан басқа, ұйымдастырушылардың айтуынша, әлемнің 17 елінен мыңға тарта әскери қызметкерлер ҚХР-дағы парадқа қатысады.

11 мемлекеттің әскери бөлімшелері саппен өтеді, тағы алты мемлекет өздерінің қаулы күштерінің әскерлерін жіберді.

Еске салсақ, 3 қыркүйекте Қытай астанасының бас алаңы – Тянбаньменьде - Екінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуы және жапондардың агрессиясына қарсы Қытай ұлт-азаттық соғысындағы жеңісінің 70 жылдығына арналған парад өтеді.

Дереккөз: ҚазТАГ

25 тамыз 2015, 11:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.