ҚР президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ қыркүйек айына белгіленген Атырауға сапары кезінде мемлекет басшысына бірқатар инновациялық нысандар көрсетіледі.
Бұл туралы облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ облыстық әкімдікте болған жиналыста мәлімдеді. Көрсетілетін жобалар ішінде талшықты-оптикалық кабель шығаратын зауыт, тауарлық бекіре фермасы, фармацевтік фабрика, жүн өңдеу кәсіпорны бар.
Зульфия ИСКАЛИЕВА