Атырау облысының соттарында жаңа тағайындаулар болды.
Облыстық соттың баспасөз хатшысы Боранбай ҒАЛИЕВТЫҢ айтуынша, 20 тамызда облыстың сот корпусына қайта тағайындалған судьялар таныстырылды.
Атырау облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы лауазымына Нұрбол АБДОЛОВ, Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы лауазымына Сәуле ҚОЖАХМЕТОВА, Индер аудандық сотының судьясы лауазымына Замира БЕКЖАНОВА, Жылыой аудандық сотының судьясы лауазымына Арайлы БАЛМҰХАНОВА тағайындалды.
Сәуле ТАСБОЛАТОВА