Құлсары-Бейнеу тас жолында болған жол-көлік апатына кінәлі жүргізуші бес жылға сотталды. ЖКО осы жылдың 25 наурызында орын алған болатын.
Құлсары-Бейнеу тас жолымен Бейнеуге қарай бағыт алған Тоyота Prado автокөлігінің жүргізушісі рөлде келе жатып ұйықтап кеткен. Осы кезде тас жолдан шығып кеткен автокөлік аударылған. Төрт жолаушының екеуі түрлі жарақат алып, екеуі сол жерде көз жұмған болатын.
- Аталған оқиға бойынша АІІБ ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-тармағымен («Абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілді. Соттың үкімімен көлік жүргізушісі аталған бап бойынша кінәлі деп танылып, оны көлік жүргізу қызметімен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - деп хабарлады Жылыой ауданы прокурорының міндетін атқарушы Жәнібек ҚАРАЖАНОВ.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА