Атырау, 18 мамыр 22:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

​Бәлкім, 75 000 теңгеңізді қайтарар

2 045 просмотра

Image 0Құқыққорғау органдарының қызметкерлері «Респект» ЖШС-не алданған азаматтарды іздестіруде.

– Ибраев деген біреу 2012 жылдың қарашасынан бастап 2013 жылдың желтоқсанына дейін Астанадан «Респект» ЖШС-ін және өңірлерден филиалдар желісін құрып, азаматтарға төменгі пайыздық мөлшерлемемен 1 000 еуроға дейін кепілзатсыз несиелер ұсынуға уәде берді. Адамдарды иландыру үшін жарнама науқанында «Респект» ЖШС-нің арзан несиелер беру жөніндегі уәдесі британдық Bankofkingdom банкімен жасалған келісіммен расталған, - деп әңгімелейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА. - Әрі қарай, қолжетімді әрі арзан қарыз алғысы келетін азаматтармен несие алуға келісімшарттар жасалған. Мұндағы басты шарттардың бірі – қарыз алушы 75 мың теңге сомада бастапқы жарна салуы тиіс. Пысықай «кредитор» болашақ қарыз алушылардан ақшаны жинап алып, ғайып болған.

Қазіргі кезде «Респект» ЖШС-нің негізін салушы ұсталды. Барлық облыстардағы, соның ішінде Атырау облысының құқыққорғау органдарының қызметкерлері алданған жандарды іздеуде. Алдын ала мәліметтер бойынша, олардың саны мыңнан астам адам. Егер Атырауда осындай адамдар болса, онда олар тиісті шағыммен жергілікті құқыққорғау органдарына жүгіне алады.

Тамара СУХОМЛИНОВА

20 тамыз 2015, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.