Атырау, 26 қараша 01:38
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Усама бен Ладеннің баласы батыс елдеріне қоқан-лоқы жасауда

1 989 просмотра

Image 0

«Әл-Каида» лаңкестік тобы алдын ала болжамға сәйкес Усама бен Ладеннің ұлы жасаған үндеуді жария етті. Онда ол Лондонда және батыс елдерінің басқа да қалаларында лаңкестік әрекеттер жасауға шақырған, деп хабарлады шетелдік БАҚ.

Қазіргі уақытта шамамен 23-24 жастағы Хамза бен Ладеннің аудио үндеуі Twitter-де жарияланған. «Әл-Каиданың» бұрынғы басшысының ұлы АҚШ пен оның одақтастарына қарсы жихадқа шығуға үндеуде. Ол Лондон, Вашингтон, Париж, Тель-Авив, Кабул, Бағдад қалаларында лаңкестік әрекеттер жасау қажет деп санайтындығын ашық айтқан.

Айта кетерлігі, Хамза бен Ладеннің қазіргі уақытта қайда жүргені белгісіз. 2011 жылы Пәкістанның Аботтабад қаласында әкесі өлтірілген кезде Хамзаның да оққа ұшқандығы жайында ақпарат болған еді. Дегенмен, американдық арнайы жасақ сарбаздары арнайы жүргізген жорық барысында Усама бен Ладеннің екінші ұлы Халедтің оққа ұшқандығы анықталған.

Дереккөз: ҚазАқпарат

20 тамыз 2015, 15:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.