Ресейдің Калининград облысындағы зымыран шабуылынан алдын ала ескертетін радиолокациялық станциясы. Ресей Әзербайжан мен Арктика полярында зымыран шабуылынан алдын ала ескертетін радиолокациялық станциялар салуды жоспарлап отыр.
Ресей қорғаныс министрлігінің "Звезда-ТВ" телеарнасының хабарлауынша, Әзербайжандағы совет кезеңінен қалған Кабала әскери кешенінде салынатын радиолокациялық станция құрылысы 2017 жылы басталып, 2019 жылдың басында аяқталады. Станциялар әуе кеңістігін қашықтан бақылауға мүмкіндік бермек. Жаңа "Воронеж-ДМ" станциясы Ресей 2012 жылы Бакумен жалға алу бағасына қатысты келісе алмағандықтан пайдалануды тоқтатқан "Дариял" радиолокациялық станциясын алмастырады.
Жаңа радиолокациялық станциялар бұған қоса Ресейдің солтүстік-батыс Печора және Мурманск қалаларында да салынып жатыр. Барлық станциялар Ресейдің бақылауында болмақ.
"Звезда-ТВ" телеарнасының хабарлауынша, "Воронеж-ДМ" станциялары бұған дейін Ресейдің Ленинград, Калининград, Иркутск облыстары мен Солтүстік Кавказ аймағында да салынған.
Дереккөз: azattyq.org