«Салтанат Сарайы» облыстық коммуналдық меншік нысанының ғимараты мен қосымша мүліктерін сенімді басқаруға беру тендерін Атырау облыстық қаржы басқармасы өткен айда жергілікті газеттердің бірінде жариялап, 12 тамызда өткізді.
Оған «Байбосынов» ЖК, «Исембаева» ЖК және «Тойхана» ЖШС қатысты. «Байбосынов» ЖК жеңіске жетті.
Баланс ұстаушы, Атырау облыстық қаржы басқармасы, сенімді басқарушыға бірқатар талап қойды. Тендерлік талаптар бойынша, нысан тек неке қию және мейрамхана қызметтерін ұйымдастыру мақсатында ғана пайдаланылуы керек; мүлікті жөндеу мен ұстау шығындары басқарушыға артылады; басқарушы нысанның орынжайларын (мейрамханадан бөлек) «Атырау облысы әкімі аппаратының арнайы өтінішхаты бойынша республикалық және облыстық ауқымдағы арнайы іс-шаралар өткізуге» тегін ұсынуы керек.
Кешенді басқару нысанының өзгеруіне байланысты баланс ұстаушы мен басқарушы арасындағы қаржылық қатынастар да кері қаралды: егер бұрын Сарайды басқару 6 млн теңге мөлшерінде белгіленген ай сайынғы төлем арқылы жалға берілсе, қазір табысты 60-та (баланс ұстаушы) 40 пайыз бойынша бөледі.
Сарайды облыстық әкімдік тапсырысымен салған кәсіпкер Әділ ЖҰБАНОВ (естеріңізге салсақ, құрылыс аяқталған соң жалға алу шарты негізінде Сарайды басқарған кәсіпкердің жұбайы біздің газетіміздегі жарияланымдар сериясынан кейін басқарудан бас тартты – («Сарайдан бас тартты» мақаласын оқыңыз) басқарушының ауысуына түсінік беруге келісті.
- Бұл ақылға сыятын, тиімді талаптар. Егер бәрі басынан бастап осылай болғанда, жұмыс жасауға болатын еді. Бұрынғы талаптармен Сарайды басқару шығынды еді: оны қамтамасыз ету және жалға алу ақысын төлеу 12 млн теңгеге жуық соманы құрады, - деді ол телефон арқылы. – Енді бұл сома екі есе төмендейді деп ойлаймын, өйткені енді кірісті емес, табысты бөледі (табыс кірістен нысанға қызмет көрсету мен қамтамасыз етуге кететін шығындарды алып тастағаннан кейін қалыптасады – З.Б.)
Жұбанов нысанда таңғажайып қысқа мерзімде – 8 айға жетпейтін уақытта салды, осы уақытта бауыр басып та үлгеріпті:
- Сарай әрі қарай да алғашқы қалпында сақталады деп үміттенемін, өйткені онда шын мәнінде қымбат жұмыстар жүргізілді. Ғимаратағы кондиционер жүйесі ең озық технологиялармен жасалды, өте жоғары стандарттарға сәйкес келеді. Ғимарат ішін жасауға жоғары білікті мамандарды шақырдық, бұл жұмыстардың көпшілігі қолмен жасалды. Құрылыс және әрлеу жұмыстары кезінде тек жоғары сапалы материалдар – мрамор, лепнина, жапырақша алтындар қолданылды...
Естеріңізге салсақ, Hotel Service Home ЖШС өз міндеттемелерін шілде айының басында тоқтатты. Жаңа басқарушы 12 тамызда белгіленді, бұл уақытта кешен сырт көзге көп бүлінген жоқ, тек көгал тамырына дейін қурап кеткен.
Сарайдың қызмет көрсету талаптары, ұсынатын қызметтерінің құны өзгере ме? Әзірге белгісіз, алайда жеңімпаз компанияның бизнес әріптестерінің бірі қазір алған активтерді талдау жүріп жатқанын, бағалар жөнінде айтуға әзірге дайын еместігін, алайда өзгерістер де болуы мүмкіндігін айтты.
- Клиент тартуымыз қажет, яғни қажетті сервистерді ұсынамыз, баға саясатында әрине өзгерістер болады, клиенттердің қалауы және қаржылық жағдайына байланысты ас мәзірі жасалады.
Зульфия БАЙНЕКЕЕВА