Атырау, 23 маусым 13:07
 дождьВ Атырау +25.2
$ 487.01
€ 557.87
₽ 6.59

​Иракта 11 министрлік қысқартылды

1 418 рет қаралды

Image 0Ирактың премьер-министрі Хейдар аль-Абади ірі мемлекеттік лауазымдарды қысқарту және біршама министрліктерді біріктіру туралы жарлық шығарды. Бұл туралы Министрлер кеңесі (Үкімет) төрағасының баспасөз қызметіне сілтемемен шетелдік БАҚ хабарлады.

«Жалпыұлттық мүддеге сай, Ирак конституциясының 78-бабына сәйкес және елдің Өкілдер кеңесінің (парламент) қолдауымен елдегі министрліктер санын 33-тен 22-ге қысқарту туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада.

Осылайша әл-Абади бір апта бұрын өзі ұсынған және оны үкімет пен парламент қолдаған реформалар тобының бір бөлігін жүзеге асыруды бастады. Оның ішіндегі ең маңыздылары вице-президент және премьер-министр орынбасарлары лауазымдарын жою болып табылады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

18 тамыз 2015, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.