Индонезияда құтқарушылар елдің шығысындағы Папуа провинциясында Trigana Air Service әуе компаниясының апатқа ұшыраған лайнерінің бортында болған барлық 54 адамның денесін тапты, деп хабарлайды ВВС.
Құтқарушылар дүйсенбі күні Оксибилден бірнеше шақырым қашықтықта ұшақ сынықтарын байқаған.
Жексенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 14:55-те Trigana Air Service компаниясының ұшағымен байланыс үзілген болатын. Лайнер бортында 54 адам болған.
ATR42-300 ұшағы Джаяпур қаласы провинциясының астанасынан Оксибилге бағыт алған еді.
ВВС-ге берген сұхбатында Индонезия пошта қызметінің өкілдері ұшақ бортында шамамен жарты миллион доллар қолма-қол ақша болғанын да мәлімдеді. Қомақты сома көмек ретінде кедей-кепшіктерге берілуі тиіс болатын.
Ұшақтың апатқа ұшырауына ауа райының нашарлығы себеп болуы мүмкін деген болжам айтылуда.
Дереккөз:bnews.kz
18 тамыз 2015, 12:24
Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.
Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.