Атырау, 5 желтоқсан 11:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Дауа іздеме, өзі келеді

3 863 рет қаралды

Image 0Атырау қаласының №2 соты ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша үкім шығарды.

Айыптау жорамалдары бойынша, Құлсары қаласында тұратын «іскер» әйел қомақты ақшаға «Құранмен бал ашып», «дуа» алған. Бір қызығы, халық арасына өзі барып, «дуаланғандарды» жұмыс орнынан өзі тауып алып отырған. Бір зардап шегушінің дүкеніне кірген «емші» оның үйіне салынған «дуаны» бірден сезеді. «Тазалау рәсімін» жасағаны үшін құтқарылушыдан 62 мың теңге алған. Ол осындай жолмен тағы 2 құрбан тапқан.

Бұған дейін де ол алаяқтығы үшін сотталған екен. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, айыпкер кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. ҚР ҚК-нің 72-бабы 1-тармағына сәйкес, жазаның орындалуы кәмелетке толмаған баласының 14 жасқа толуына дейін 5 жылға шегерілді.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

18 тамыз 2015, 11:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.