Ресей ТЖМ ұшағы сириялық Латакия қаласына гуманитарлық көмекпен келді, сондай-ақ ол ұрыс іс-қимылдары аумағынан кеткісі келетін 59 азаматты, соның ішінде қазақстандықтарды Ресейге жеткізеді.
АСТАНА, 18 там — Қазақстан жаңалықтары АА. Ресей ТЖМ ұшағы сириялық Латакия қаласына гуманитарлық көмекпен келді, сондай-ақ ол ұрыс іс-қимылдары аумағынан кеткісі келетін 59 азаматты, соның ішінде қазақстандықтарды Ресейге жеткізеді деп хабарлайды РИА Новости Сириядағы РФ елшілігінің қызметкеріне сілтеме жасап.
"ТЖМ ұшағы 21 тонна гуманитарлық жүкті жеткізді. Осы рейспен бүгін кешке 59 адам — Ресей, Белоруссия, Қазақстан және ресейлік отбасылардың мүшелері болып табылатын сириялықтар эвакуацияланды", — деп хабарлады агенттікке хабарлаушы.
Соңғы рет Ресейден көмек жеткізу және азаматтарды эвакуациялау 29 мамырда іске асырылды, сол кезде Сириядан ТЖМ ұшағымен 80 адам кеткен болатын.
ТЖМ халықаралық қызмет департаменті директорының орынбасары мәлімдегендей, Сирияға көмек көрсету РФ үкіметінің тапсырмасымен іске асырылуда. Ол елде жағдай ушыққалы бері бұл Сирияға ТЖМ тоғызыншы арнайы рейсі екенін нақтылады.
Дереккөз: newskaz.kz