Атырау, 19 мамыр 00:59
 бұлттыВ Атырау +24
$ 509.51
€ 570.60
₽ 6.30

Атырауда теплоход байдамен соқтығысты

2 577 просмотра


15 тамызда сағат 19.00-де Жайықта «Шағала» қонақ үйінің маңында «Астана» теплоходы байдамен соқтығысты. Байдада отырған бес адам суға құлады.

Бағына қарай, сол маңда Батыс өңірлік аэромобиль жасағы мен ТЖД-ның үш қызметкері – Серік ҚАБДЫҒАЛИЕВ, Кенжебек ІЗМҰХАНОВ және Наурызбай БАШАРОВ мінген Winboat-47 мотоқайығы жүрген. Олар шұғыл арада адамдарды құтқаруға ұмтылып, бесеуін түгел судан шығарып, жағалауға жеткізді. Құтқарылғандар шұғыл әрекеттері үшін алғыс айтып, өздерінің жеке бастары туралы мәліметтерді ұсынудан бас тартты.

Біздің ақпарат бойынша, теплоходта үйлену тойы өтіп жатқан, ал суға құлағандардың арасында тойды түсіріп жүрген бейнеоператор болыпты.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті Батыс өңірлік аэромобиль жасағы ұсынды

17 тамыз 2015, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.