Сирия әскері ұйымдастырған әуе шабуылынан кем дегенде 82 адам мерт болған. Қаза тапқандардың басым бөлігі - бейбіт тұрғындар.
Сирия әскері Дамаск аудандарындағы содырлар басып алған аймақтарға шабуыл жасаған.
Оппозициялық ұлттық коалицияның жетекшісі Халид Ходжа бұл шабуылды "қырғын" деп бағалап, "ұйымдастырушыларды жауапқа тартуға" уәде берді.
Syrian Observatory for Human Rights құқық қорғау ұйымының дерегінше, әуе шабуылынан 250-ге жуық адам жарақат алған. Ұйымның мәлімдеуінше, халық көп шоғырланған базарға төрт рет әуе шабуылы жасалған.
Дереккөз: Азаттық радиосы