Атырау, 28 қараша 22:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Жағалаудағы жастар күні

4 651 просмотра


12 тамызда, халықаралық Жастар күніне орай орталық жағалауда облыстық жастар саясаты басқармасы ұйымдастырған Art-фестиваль өтті.

Д. Нұрпейісова атындағы мәдениет үйінің маңындағы шағын алаңда еріктілердің күшімен этно ауыл бой көтерді. Қонақтар жас ерекшелігіне қарамастан ләңгі тебу мен асық ату жарыстарына қатысты. Киіз үйдегі қазақтың ұлттық тағамдары қойылған дастарханнан барлығы дәм татты, домбыра-party өте қызықты өтті.

Осы жерде Ержан НҰРПЕЙІСОВТЫҢ «Мен отбасымды іздеймін» тақырыбында жан тебірентерлік портрет көрмесі болды. Суреттерден мұңлы көздерімен жетім балалар қарап тұрды. Көрермендердің барлығы да бей-жай қалмағаны анық...

Орталық көпірдің кардиологиялық орталық жағындағы алаңқайда «Step Up» көше билері байқауының қатысушылары қараңғы түскенше «көңіл көтерді».

Әрі қарай шағын айлақта тыныш болды. Мұнда жас суретшілер өткен-кеткен адамдардың көзінше табиғат көріністерін салды. Көкжиектен батып бара жатқан күн мен оның Жайықтағы кескінін салуға үлгергісі келген жас қылқалам шеберлері бар өнерлерін салды. Мастихин, май бояу, акварель, тіпті, түрлі түсті қарындаштар пайдаланған жастардың қиялдарында шек болмады. Тәжірибелі суретшілер жаңа бастап жүргендерге кеңестерін берді. Сол жерде жүрген кез келген қала тұрғыны өзін суретші ретінде сезініп, қыл қалам ұстау, суреттер қалай пайда болатынын қарау мүмкіндігіне ие болды.

Жастар саясаты басқармасының басшысы Мейірім ҚАЛАУИДЫҢ айтуынша, art-фестиваль үлкен қызығушылық туғызған.

- Біз осындай фестивальдерді Жастар күнінде ғана емес, тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. Мәселен, әр демалыс күндері көпір мен мәдениет үй арасындағы алаңқайда тұрақты түрде домбыра-party өткізіп тұруға келісім алдық.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

17 тамыз 2015, 12:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.