Тяньцзинь порты қоймадағы жарылыстардан кейін жұмысын қалпына келтірді, - деп хабарлайды РИА Новости жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.
Жарылыс болған жерге тікелей қатысты басты кеме жүзетін жарма мен қоймадағы, айлақтағы жұмыс қалпына келтірілді. Еске сала кетейік, Ruihai Logistics логистикалық компаниясының қоймасында 13 тамызда болған жарылыстардан кейін порттағы жұмыс және кемелердің жүзуі біртіндеп қалпына келтірілген болатын.
Жарылыстың күшті болғаны соншалық, оның қуаты 3 тонна және тротил эквивалентінде 21 тоннаға дейін жеткен. Жарылыстан кейін өрт басталды. Өрт шалған аумақ 20 мың шаршы метр болды. 85 адам қаза тапты, оның ішінде 21 өрт сөндіруші қызметкер бар, 720 адам ауруханаға жіберілді.
Дереккөз: tengrinews.kz