Атырау, 3 тамыз 21:18
 дождьВ Атырау +32.9
$ 473.59
€ 544.68
₽ 5.94

Екі голды өткізіп алды

1 765 рет қаралды

Image 015 тамызда Павлодарда «Ертіс» пен «Атырау» командаларының арасында футболдан ел чемпионатының 23-ші турының матчы өтті. Ойын 2:0 есебімен қожайындардың пайдасына шешілді.

Екінші кезеңнің старттық матчында «Атыраудың» жолы болмады деуге болады. Меймандар жақсы ойын көрсетіп, қожайындардың қақпасына жиі доп соқты, алайда бұл жолы оларға сәттілік серік болмады.

38-ші минутта «Ертістің» бірінші голын салған автор орталық африкалық қорғаушы Фернандер КАССАЙ болса, 90-шы минутта бразилиялық шабуылшы Эвандро РОНКАТТО қожайындардың артықшылығын екі еселеді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

17 тамыз 2015, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.